Бас жаңалықтар
Агрохимиялық картограмма: АШМ аталған норманың мәртебесін түсіндірді
26 Ақпан 2021, 22:38 318

Агрохимиялық картограмма: АШМ аталған норманың мәртебесін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Картограммалар туралы норманың қолданылуы әлі тоқтатылған жоқ, бұл мәселе әлі қаралуда, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл 23 ақпанда Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 65-тармағы 7) тармақшасының қолданысын тоқтата тұру туралы» бұйрық жобасын жария талқылау туралы хабарлама жарияланған болатын.

Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желілердегі пабликтер агрохимиялық картограммалардың талаптарын тоқтата тұру туралы хабарландыруды қате түсіндірді.

Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі минералды тыңайтқыштарға субсидия алу үшін агрохимкартограммалардың талабы жөніндегі бұйрықтың нормасы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенін және қазір толық қолданыста жұмыс жалғастырылып жатқанын түсіндіреді.

Агрохимиялық картограммаларды ұсыну шарты тыңайтқыштарды саралауды ынталандыру үшін енгізілді. Бұл – фермерлерге топырақтағы қоректік заттардың құрамын анықтап барып, тыңайтқыш қосуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұл талапты 2019 жылы енгізу жоспарланған болатын. Бірақ Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардан түскен көптеген өтінішті ескеріп, 2 жылға шегерген еді. Осыған байланысты өсімдік шаруашылығында тыңайтқыштарды қолданудың жоспарланған көлемі орындалмады (2019 жылы енгізілген тыңайтқыштар көлемі күрт 15%-ға төмендеді).

Кейінге қалдыру кезеңі аяқталғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне фермерлердің топырақтың агрохимиялық құрамын жүргізуге және өздерінің картограммаларын жасауға дайын еместігі туралы фермерлік бірлестіктерден, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасынан және облыс әкімдіктерінен тағы да хаттар келе бастады.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі уақытта Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 65-тармағы 7) тармақшасының қолданысын тоқтата тұру мүмкіндігін қарастыруда. Ол үшін тиісті бұйрық жобасы әзірленді. Қазір бұйрық жобасы барлық мүдделі тараппен жария талқылау рәсімдерінен өтіп жатыр. Осыдан кейін құжат уәкілетті мемлекеттік органдардың келісуіне жіберіледі.

Соңғы шешім заңда көзделген барлық рәсім сақталғаннан кейін ғана қабылданады.

Осы уақыт аралығында бұйрық нормасы агрохимкартограммалардың талабы бойынша қолданылатын болады. Сондықтан субсидия алуға берілетін өтінімдер әзірге агрохимиялық картограммалар болған жағдайда қабылданады

Субсидиялау жүйесінде «Республикалық агрохимиялық қызмет ғылыми-әдістемлік орталығы» РММ тегін берген агрохимиялық картограммалар жүктелгенін айта кету керек.

Топырақтарға агрохимиялық талдау жүргізу үшін зертханалардың жетіспеушілігі туралы хабарламаларға жауап ретінде соңғы 2 жылда Қазақстанда Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңа зертханалар ашылғанын айтқымыз келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 30-ға жуық аккредиттелген зертхана жұмыс істейді. Бұдан бөлек 2020 жылы мақсатты инвестициялық субсидияның енгізілуіне байланысты алдағы жылдары агрохимиялық талдау жасайтын жаңа зертханалар ашу жоспарланып отыр, - делінген ведомство хабарламасында.


Фото: дереккөз
Загрузка...