Әшімбаев ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туысқандарына көңіл айтты

13 Наурыз 2021, 20:49
1957
Бөлісу:
Әшімбаев ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туысқандарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Алматы әуежайында болған ұшақ апаты бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз. Мұндай қайғылы оқиғалар елімізде қайталанбасын деп тілейік - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңайында құлаған әскери ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, Президент тапсырмасы бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апаты болған жерге барып, апатынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды.

Еске сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайына шұғыл қонды. Бортта болған төрт азамат қаза тапты, екеуі түрлі жарақаттармен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта ұшақ апатының себептері анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы