Әшімбаев: Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз

15 Қазан 2021, 10:46
4415
Бөлісу:
Әшімбаев: Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік өзгерістер және болашақтың перспективалары» атты Қазақстан әлеуметтанушыларының VII Конгресі өтіп жатыр.

Конгресс жұмысына Парламент Палаталарының төрағалары, Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, ғылыми-академиялық және сараптамалық-талдау қоғамдастықтарының беделді өкілдері, Ресейден, Түркиядан және басқа елдерден келген шетелдік сарапшылар, Парламент депутаттары, ҮЕҰ өкілдері мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары қатысып жатыр.

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Конгресс жұмысының ашылуында іс-шараға шақырғандары үшін алғысын айтты.

Бүгінгі форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз, ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асыл арманы. Бүгінгі жетістеріміз осы Тәуелсіздіктің жемісі. Егемендіктің арқасында тіліміз бен дінімізді, тарихымыз бен дәстүрімізді, мәдениетіміз бен руханиятымызды жаңғырттық, - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Сенат спикері атап өткендей, 30 жылдың ішінде жүйелі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырып, мемлекеттілікті мызғымастай етіп қалыптастырдық.

Бүгінде дүниежүзі Қазақстынды тұрақты, әлемдік аренада абырой-беделді, достыққа берік ел ретінде таниды. Біздің алдағы мақсат-міндетіміз айқын. Басты міндет – Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайту. Осы жолда бүгінгідей бастамалардың маңызы зор, - деп түсіндірді Сенат спикері Конгресте.

Қазақстан әлеуметтанушыларының VII Конгресін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан әлеуметтанушыларының қауымдастығы» ҚБ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап ұйымдастырып отыр.

Өзгелердің жаңалығы