Бас жаңалықтар
Әшімбаев: Қазақ пен өзбек тарихы тамырлас халық
02 Сәуiр 2019, 16:39 771

Әшімбаев: Қазақ пен өзбек тарихы тамырлас халық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшсі. "Nur Otan" париясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру және партияаралық диалогты дамыту жайы талқыланды.

"Қазақ пен өзбек тарихы тамырлас халық. Біздің ортақ құндылықтарымыз да өте көп. Сондықтан екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Осы ретте мемлекетаралық байланысымыз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің достық қарым-қатынасының нәтижесінде жаңа деңгейге көтерілгенін ерекше атап өткен жөн. Біздің ендігі міндетіміз – сол деңгейден төмендемей, қазақ-өзбек байланысын одан әрі күшейту" - дейді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар, кездесу барысында экономикалық, парламентаралық, қорғаныс және тағы басқа салаларға қатысты ынтымақтастықты жетілдірудің маңызы сөз болды.

"Одан бөлек, партияаралық диалогты дамытудың тиімді тетіктерін талқылап, «Nur Otan» партиясы мен Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясы арасында, сондай-ақ, жастар қанаты және жергілікті филиалдары деңгейінде де байланыс орнату мәселесіне назар аудардық. Өзбекстан Елшісі бауырлас елдің аталған бағыттарда жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізіп, ұтымды ұсыныстарын білдірді. Алдағы уақытта өзбек әріптестерімізбен ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге шығарамыз деп сенеміз" - деді ол.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық