Әшімбаев Орталық Азия парламентшілерін медициналық дипломатия саласында белсенді жұмысқа шақырды
12 Мамыр, 19:49 427

Әшімбаев Орталық Азия парламентшілерін медициналық дипломатия саласында белсенді жұмысқа шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәулен Әшімбаев бүгін Түркіменстан астанасы Ашхабадта өтіп жатқан «Орталық Азия – Ресей» парламентаралық бірінші форумға қатысты.

Форумдағы медициналық дипломатия тақырыбы – соңғы жылдарда маңызы арта түскен жаңа бағыттардың бірі болып отыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметтері бойынша, өткен жылдың соңына қарай пандемияға байланысты әлемдік экономиканың жалпы шығыны 7 трлн долларды құраған. Салдарынан қайтыс болғандардың саны 6,2 миллионнан асты. Мәулен Әшімбаев қазір пандемиядан дұрыс қорытынды шығару және болашақта жаңа сын-қатерлерге дайын болудың маңызды екеніне назар аударды.

Келесі жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының негізгі құжаттарының бірі Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл толады. Соған байланысты 2023 жылы парламентшілердің қатысуымен медициналық дипломатия бойынша дөңгелек үстел өткізудің берері мол деп есептейміз, – деді Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев сонымен қатар әріптестерін өңірдің экологиялық проблемаларын шешу үшін ынтымақтаса отырып, жұмыс істеуге шақырды. Әсіресе, ол Аралға байланысты экологиялық мәселені еңсеру үшін тізе қосып әрекет етудің және өңірдің экожүйесін қалыптастыратын трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бірлесіп басқарудың өте маңызды екеніне тоқталды.

Жалпы Форумға Түрікменстан Халк Маслахаты Милли Генгешінің төрағасы  Гурбангулы Бердімұхамедов, Қырғыз Республикасы Жогоргу Кенешінің төрағасы Талант Мамытов, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко, Тәжікстан Республикасы Оли Мәжілісі милли Мәжілісінің төрағасы Рустами Эмомали және Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева  қатысты.


Фото: дереккөз
Загрузка...