Әшімбаев Конституцияны «черновикке» айналдырдыңдар деп сынағандарға жауап берді
5 Мамыр, 15:03 664

Әшімбаев Конституцияны «черновикке» айналдырдыңдар деп сынағандарға жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысынан кейін палата төрағасы Мәулен Әшімбаев журналистердің сұрағына жауап берді.

Қазақстанда азаматтардың кейбірі Конституцияға өзгерістердің жиі енгізілуіне наразылық білдіріп жатыр. Ата заңды «черновикке» айналдырдыңдар деп те сын тағып жүр. Бұл қатысты қандай пікір айта аласыз? - деп сұрады БАҚ өкілдері. 

Мәулен Әшімбаев Конституцияның жиі өзгеріс енгізіле беретін қандай да бір құжатқа айналды деген сөзбен келіспейтінін айтты.

Менің ойымша, біз Конституцияға шынында да сирек болса да өзгеріс енгізіп келеміз. Конституцияның өзі 1995 жылы қабылданған. Содан бері өзгерістер айтарлықтай көп енгізілді деп айта алмаймын, - дейді Сенат спикері. 

Ол бүгінгі мәселе республикалық референдумға шығарылып жатқанын атап өтті. 

Халық дауыс береді де, өз ұстанымын білдіреді. Негізгі позициялар бойынша бұл жерде мәселені депутат шешпейді. Сол себепті бұл жерде жағдай ерекше дер едім. Халық дауыс береді. Қазақстан халқы қалай шешеді, солай болады. Конституцияға өзгеріс енгізе беруді өзім де қолдамаймын. Ата заң - ол киелі, базалық құжат. Егер Конституцияны өзгертетін болсақ, біршама заң өзгереді де мұның соңы белгілі бір деңгейде түсінбеушілік туғызуы мүмкін, - деп түсіндірді Мәулен Әшімбаев.


Фото: дереккөз
Загрузка...