Бас жаңалықтар
Әшімбаев: Білім беру жүйесі әлемдік трендтерге сәйкес  қайта құрылуы тиіс
02 Ақпан 2021, 18:15 637

Әшімбаев: Білім беру жүйесі әлемдік трендтерге сәйкес қайта құрылуы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысын өткізді, онда қатысушылар қазақстандық білім және ғылым мәселелерін талқылады.

Сенат төрағасы кездесуді аша келіп, аталған тақырыптың маңыздылығын атап өтті және осы саланы дамытудағы кейбір трендтерге тоқталды.

Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің қалыптасуы мен дамуы біздің мемлекетімізде әрқашан басымдықтардың бірі болып келеді. Еліміз Президентінің қыркүйек айындағы Жолдауында бірқатар маңызды тапсырмалар алға қойылды. Жалпы алғанда, елімізді жаңғырту бағдарламалары аясында осы салаға баса назар аударылып отыр, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы COVID-19 білім беру жүйесінің жұмысының қызметіне елеулі проблемалар туындатқанын атап өтті. Сонымен бірге, пандемия оқытуда жаңа әдістерді енгізу мүмкіндігі мен енгізу керектігін, ал қашықтан білім беру әлеуетін кеңінен қолдану керек екенін көрсетіп отыр.

Мәулен Әшімбаев сондай-ақ білім беру саласындағы әлемнің барлық елдеріне тән мазмұнды өзгерістерге тоқталды.

Оқу өмір бойы жалғасатын процеске айналып келеді. Бұл білім беру жүйесін белгілі бір деңгейде қайта құруды талап етеді. Сондай-ақ сарапшылар арасында бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесі қазіргі әлемдегі ең маңызды екі функцияны - интерпретациялық контекст пен жүйелі ойлауды, сондай-ақ оқушыларда құндылық жүйесін қалыптастыруды атқармайды деген пікір бар, - деп атап өтті Сенат төрағасы.


Фото: ашық дереккөз
Видео: дереккөз
Загрузка...