Әшімбаев: Аталарымыз даңқты жолын ұлықтау – біздің борышымыз

9 Мамыр 2022, 13:01
1327
Бөлісу:
Әшімбаев: Аталарымыз даңқты жолын ұлықтау – біздің борышымыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ел халқын жеңіс күнімен құттықтады.

Құрметті достар! Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын. Бұл – нағыз қаһармандық пен қайсарлықтың мерекесі. Бүгін осы атаулы датаға орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірге «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым еттік, -деді ол Facebook парақшасында.

Әшімбаев жеңіс күніне Бауыржан Момышұлының ескерткішіне  арнайы барғанын атап өтті.

Әшімбаев: Аталарымыз даңқты жолын ұлықтау – біздің борышымыз

Бәукең – қазақ үшін ерлік пен өрліктің символы. Аты аңызға айналған батырдың тұлғасын біз қашанда ардақ тұтамыз, -деді Сенат төрағасы.

Оның атап өтуінше, еңселі елдік – ерен ерліктің нәтижесі. 

Сондықтан Аталарымыз бен әкелеріміздің даңқты жолын әрдайым ұлықтау – біздің перзенттік борышымыз. Сол себепті таяуда ғана Мемлекет басшысы ерлігі уақытында ескерілмеген батырлар Төлеуғали Әбдібековке, Александр Несмияновқа және Ыбырайым Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағын берді. Бұл – тарихи әділдікті қалпына келтірудің жарқын көрінісі. Бейбітшілік пен береке-бірліктің қадірін арттыратын мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Әрдайым қастерлі Тәуелсіздігімізді бағалай білейік. Жеңіс күні құтты болсын! - деді Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы