Бас жаңалықтар
Желіде асфальтқа «қадалып» қалған көліктің видеосы жарияланды
19 Тамыз 2019, 13:48 592

Желіде асфальтқа «қадалып» қалған көліктің видеосы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде асфальтқа қадалып тұрған көлік туралы видео пайда болды.

Аталмыш видео Instagram-дағы kris_p_kz парақшасында жарияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, видео Алматыда түсірілген. Видеоға қарап, автокөліктің бұндай жағдайға қалай тап болғанын түсіну қиынға соғады. Себебі, Daewoo Nexia көлігінің бір бөлігін асфальтқа әдейі «қадап» қойған тәрізді. Көлік, бәлкім, шұңқырға түсіп кеткен болар. 


Желі қолданушылары жарияланған видеоның астына неше түрлі жазба қалдыруда. Біреулер «қалада жаңа арт-объект пайда болды ма» деп қалжыңдаса, екіншілері «бұл өзбек ағайынның «сыйлығы», «Тек Алматыда ғана қала көшелерінде Нексияларды өсіріп шығарады» деп жауап қайтарып жатты.




Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық