"Асан" фильмі Румыниядан жүлдемен оралды

18 Қазан 2019, 21:20
2262
Бөлісу:
"Асан" фильмі Румыниядан жүлдемен оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Режиссер Берік Жаханов түсірген "Асан" қысқаметражды фильмі Румынияда өткен халықаралық Short to the Point  кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі"  және "Үздік операторлық жұмыс" жүлделерімен мараптталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Асан" фильмі әкесін ақтық сапарға шығарып салуға жолға шыққан бозбала туралы баяндайды.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр "Асан" фильмі 71-халықаралық Канн кинофестивалінің Short Film Corner аясында (әлемнің қысқаметражды туындыларына арналған) көрсетілген болатын. Сонымен қатар 2018 жылы картина бірнеше халықаралық кинофестивальдерге қатысып, көптеген жүлделерге ие болды, атап айтсақ, Республикалық "Байқоңыр" фестивалінде "Үздік актер" жүлдесімен, Бакуде өткен 9-халықаралық Start film festival  кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесімен, "Үздік қысқаметражды фильм" номинациясы бойынша "Құлагер" жүлдесімен, Ташкентте өткен "Пролог" кинофестивалінде арнайы жүлдемен және Екатеринбург қаласында өткен XV халықаралық "Кинопроба" киномектебі фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды. 

Биыл сәуір айында бұл кинотуынды Татарстанның астанасында өткен XV халықаралық мұсылман киносы фестивалінің конкурсына қатысқан болатын.  

Өзгелердің жаңалығы