Аса ауылында 76 пəтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді – Жамбыл облысы

11 Маусым 2021, 04:48
1735
Бөлісу:
Аса ауылында 76 пəтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді – Жамбыл облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл ауданы Аса ауылында 76 пəтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бой көтерген тұрғын үйдің құрылысын «Бином» ЖШС бір жылда аяқтаған. Жоба құны 599 миллион теңге.

Бес қабатты тұрғын үйде 36 бір бөлмелі, 16 екі бөлмелі, 24 үш бөлмелі пəтерлер бар. Пәтер кілтіне ие болғандардың дені жетім бала, көпбалалы ана, мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев аудан тұрғындарын қоныс тойымен құттықтады.

Биыл облыста 650 мың шаршы метрден аса тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде. Бүгінде Жамбыл ауданында пəтер кезегінде 1019 адам тұр. Сол кезекті азайту мақсатында Аса ауылында тағы төрт көпқабатты тұрғын үй салынып, 320 адамды пəтермен қамтуды ойлап отырмыз. Бұдан бөлек, 7 елді мекенде екі мыңға жуық жер телімін беру жоспарлануда. Аса ауылындағы 811 жер теліміне инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыста «Асарлатып үй салу» жобасы биыл да өз жалғасын табатын болады. Оны біз демеушілердің күшімен жүзеге асырудамыз, – деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде жаңа қоныс иелері де қуаныштарын көпшілікпен бөлісіп жатты.


Өзгелердің жаңалығы