Бас жаңалықтар
Қасқырлар туралы жалған видео таратқандар жазаланады
VIDEO
24 Қаңтар 2020, 17:12 297

Қасқырлар туралы жалған видео таратқандар жазаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданы табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы Владимир Колягин мәлімдеді. 

Елорданың Көктал ауданында және мамандандырылған ХҚКО маңында қасқырлар жүр деген ақпарат жалған. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері видео авторларын іздестіріп жатыр. Қылмыстық кодекстің 274 бабы 2-бөліміне сәйкес, жалған ақпаратты таратқан үшін 3 жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы қарастырылған, - деді Владимир Колягин. 

Оның айтуынша қазіргі кезде Полиция департаменті қауіпсіздік шарадары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондықтан елорда тұрғындарын байбаламға салмай, өсек-аянға сенбеуге шақырды. 

Осыған қоса 8 емхана маңайында қасқыр деп шатастырып итті атып тастаған туралы ақпарат тараған еді.
Расымен әлеуметтік желіде ондай да видео пайда болды. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, сол жердегі итті ұстап алды. Итті "Астана-Ветсервис" қызметкерлері ұйықтатып тастады. Қазіргі кезде біз оның иесін таптық және олар оны алып кететін болды. Ит тірі, оны ешкім атып өлтірген жоқ. Себебі "Астана-Ветсервис" қызметкерлерінде тек ұйықтататын дәрісі бар дротикпен атуға құқығы бар, - деді полиция өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, елорданы қасқырлар кезіп жүргені туралы ақпарат жалған екендігін хабарлаған болатынбыз.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...