Қасқырға тап болсаңыз не істеу керек. Маман кеңес берді

24 Қаңтар 2020, 18:36
14377
Бөлісу:
Қасқырға тап болсаңыз не істеу керек. Маман кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы ауыл-аймақтарында қасқырлар туралы мәлімет айтып, біраз кеңес берді. 

Кешеден бері әлеуметтік желіде елордада және оның айналасындағы елді мекендердің аумағында жүрген қасқырлар туралы фото және бейнематериалдар таралып жатыр. Сол кезде бастап Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары қала бойынша қасқырларды іздеу бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді, алайда мұндай фактілер тіркелмеді, – деді Нариман Жүнісов.

Осыған қоса ол жабайы аңмен кездесіп қалғанда не істеу керек екенін айтып берді. 
Бірінші кезекте, жабайы жануарды, оның ішінде қасқырды көрген сәтте теріс қарап, қашушы болмаңыз. Оған айқайлап, оны қорқытып-үркітпеңіз. Жануардан барынша алыстап, тыныш қана айналып өтуге тырысу қажет. Осыдан кейін 74-99-35 (Нұр-Сұлтан коды – 7172) телефоны арқылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне, ветеренарлық қызметке немесе құқық қорғау органдарына хабарласуға болады, – деді комитет төрағасы. 

Оның айтуынша, қасқырдың адамға шабуыл жасаған оқиғасы елімізде соңғы 10 жылда тіркелмеген. Ал қасқырдың малға шапқан фактісі бойынша оқиға 2019 жылы екі рет, биыл бір рет болған.
Өзгелердің жаңалығы