Асқар Мамин ШҚО-дағы көктемгі егіс жұмысының барысын тексерді

15 Мамыр 2020, 19:25
1233
Бөлісу:
Асқар Мамин ШҚО-дағы көктемгі егіс жұмысының барысын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының  көктемгі егіс жұмыстары мен энергетика, өнеркәсіп, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысын тексерді.

Өскемен қаласында Премьер-министр ҚР-ның ірі машина жасау және металлургия кәсіпорындарына — Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты мен Өскемен титан-магний комбинатына барып, оларды одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

Үкімет басшысы Өскемен қаласының жаңа шағын ауданындағы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үй құрылысын тексерді. Мұнда жалпы ауданы 400 мың шаршы метрге жуық 48 үй салу жоспарланған.
Өзгелердің жаңалығы