ІТ-қоғамдастық #SmartBridge жобасына қызығушылық танытып отыр

2 Маусым 2020, 11:39
1276
Бөлісу:
ІТ-қоғамдастық #SmartBridge жобасына қызығушылық танытып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ІТ-қоғамдастықтың #SmartBridge жобасына үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты. 

Цифрлық Қазақстан бағдарламасына ұсыныс әзірлеумен айналысатын жұмыс топтарының отырыстарына қатысқанда байқағаным, ІТ-қоғамдастықтың #SmartBridge жобасына үлкен қызығушылық танытуы. #SmartBridge - түрлі мемлекеттік жүйелермен қысқа мерзімде интеграциялануға, оған жұмсалатын қаражатты дайын әрі тегін бағдарламалық құралдар есебінен азайтуға, бизнес өкілдерінің өтінімдерін қарау кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін платформа, - деп жазды ол өзінің facebook-тегі парақшасында.
Платформа биылғы ақпаннан мамырға дейін пилоттық режимде жұмыс істеді, осы уақыт ішінде 200-ге жуық заңды тұлға тіркеліп, 40 интеграция өткізілді. Төтенше жағдай кезінде банктердің қашықтан шот ашуды жүзеге асыра бастағаны естеріңізде болар. Олар оған қажетті интеграцияны SmartBridge арқылы жедел жүзеге асыра алды.
Енді көптеген банк өз клиенттеріне айыппұл, салық көлемі туралы хабарлама жолдай алады. "Салық" есептерін де бухгалтерлік есеп жүйесі арқылы жіберуге болады. Бұл SmartBridge платформасы арқылы мемлекеттік жүйемен ықпалдасудың нәтижесінде мүмкін болды. Бұған дейін интеграциялаудан негізсіз бас тарту, компаниялардың өтінімді дұрыс бермеу оқиғалары орын алған еді. Осындай мәселелердің бәрін ескеріп, көрсетілетін қызметтерді кеңейту мақсатында платформа пилоттық режимде жұмыс істеді. Нәтижесінде, SmartBridge бойынша өзара іс-қимылдың жаңа ережесі бекітіліп, ол заңды күшіне енді. Мемлекеттік органдардың бәрі осы қағиданы ұстануға міндетті. Сондай-ақ, платформаның функционалын кеңейту үшін бірқатар техникалық жұмыстарды жоспарладық және бизнес өкілдерінің мемлекеттік сервистерге кеңінен қол жеткізуіне мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістерді пысықтауға кірістік. SmartBridge арқылы жасалған интеграциялардың саны арта түседі және ол тек мемлекеттік органдар арасында ғана емес, бизнес өкілдерінің арасында да көбейеді деп ойлаймын. Бұл біздің өмірімізді одан әрі жеңілдететін жаңа сервистердің пайда болуына серпін береді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы