Қазақстандық қаржы ұйымы халықаралық рейтингте көтерілді

6 Маусым 2019, 12:03
834
Бөлісу:

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank рейтингтерін "В"-дан "В+"-ке дейін көтеру туралы шешім қабылдады, ал қаржы нарығындағы болжамы – тұрақты.

Қазақстандық қаржы ұйымы халықаралық рейтингте көтерілді

S&P талдаушыларының хабарлауынша, банк соңғы үш жылда өзінің бәсекелестік ұстанымын айтарлықтай нығайтқан. 

"Біздің ForteBank рейтингтерін арттыруымыздың себебі, соңғы үш жыл бойында екінші деңгейлі қаржылық ұйым бәсекелестік ұстанымын біршама нығайтып үлгерді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша активтер көлемінің нарықтық үлесі 8 пайыз болатын мекеме Қазақстандағы үшінші ірі банк болып табылады. Біз қолдау көрсетуге дайын (Болат Өтемұратов) ForteBank тәжірибелі басқару командасының және меншік иесінің болуы жаңа да жоғары сапалы бизнесті құруға, өткен кезеңдердегі проблемалық берешекті табысты реттеуге және рентабельділікті арттыруға ықпал етті деп санаймыз", - дейді агенттік өкілдері.

Аталған жаңалыққа орай ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили S&P Global Ratings агенттігінің рейтингті "В+" деңгейіне көтеруі банк үшін аса маңызды оқиға және бүкіл команда жұмысына берілген жоғары баға деп санайды. 

"Рейтингті жақсарту – Қазақстандағы ForteBank-тің нарықтық ұстанымдарын күшейтудің кезекті көрсеткіші. Сонымен қатар біздің тұтынушыларымызға сапалы қызмет көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік береді. ForteBank капитал жеткіліктілігі мен өтімділік бойынша жетекші позицияларды сақтай отырып, оң қаржылық нәтижелерді көрсетеді", - деді Гурам Андроникашвили.

Өзгелердің жаңалығы