Бас жаңалықтар
Қаржы пирамидасын қалай тануға болады?
16 Қыркүйек 2020, 11:05 75

Қаржы пирамидасын қалай тануға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас прокуратурасының статистикасы бойынша соңғы жеті айда қаржы пирамидаларын құру фактісі бойынша ашылған қылмыстық істердің саны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8 есеге ұлғайды. Бұл туралы Fingramota.kz жазды. 

Ал «пирамида құрылысшыларынан» келген шығын 2,7 млрд теңгеден асты.

Қаржы пирамидасын құрушылар өздерінің құрбандарына көбінесе әлеуметтік желілерде және танымал мессенджерде қармаққа түсіреді.

Қалай алданып қалмау керек және қаржы пирамидасын қалай тануға болады?

Әлемдік тәжірибеде қаржы пирамидаларының бірнеше белгісі бар:

- ақша қаражатын тарту бойынша қызметін жүзеге асыруға қаржы реттеушісі лицензияның болмауы;
- нарық деңгейінен бірнеше есе асатын жоғары кірістіліктің болуына уәде беру;
- жаңа қатысушыларға бұрын басқа салымшылар салған ақша қаражатынан ақша қаражатын төлеу;
- меншікті негізгі құралдар-жабдықтардың, басқа қымбат активтердің болмауы; ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы және басқасы.

Егер сіз өз ақшаңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда аталған белгілердің бірнешеуі болса, олар сізді қаржы пирамидасына тартуға тырысып жатқан жоқ па, соны ескерген жөн.

Ірі ақшамен тәуекелге бармастан бұрын, компанияның беделін және ол ұсынатын ақпараттың дәйектілігін тексеріңіз. 

Депозиттер тартуға құқығы бар барлық қаржы ұйымдарының ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атынан қаржы реттеушісінің лицензиясы болуы керек. Компанияның иелері мен басшылығы туралы ақпаратты тексеріңіз, сондай-ақ, оның қай жерде тіркелгенін біліңіз. Егер басшылық туралы ақпарат жасырын болса, ал компанияның өзі қандай да бір оффшорлық аймақта тіркелген болса, онда өз жинақ ақшаңызды күмәнді жобаларға инвестициялау алдында ойланғаныңыз дұрыс.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...