Бас жаңалықтар
Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметтің 94%-ын электронды түрде көрсеткен
11 Ақпан 2019, 17:15 482

Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметтің 94%-ын электронды түрде көрсеткен

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы Қаржы министрлігі 22,2 миллион мемлекеттік қызмет көрсетсе, оның 94%-ы электрондық түрде көрсетілген. 


«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес министрлік толығымен цифрлық форматқа көшеді. Өткен жылы бизнес үшін маңызды жаңа ақпараттық жүйелерді іске қостық. Іс жүзінде біз салық және кеден жүйелерін интеграциялау арқылы тауарлар қозғалысының толық қадағалануын қамтамасыз етуге аяқ басып келеміз», - деді Қаржы мнистрі Әлихан Смайылов.

Ол биылдан бастап мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі жұмыс істейінін атап өтті. Бұл жүйе бюджетті қалыптастыру кезінде қағаздағы құжат айналымын алып тастауға мүмкіндік береді.

«Блокчейн» сияқты жаңа қазіргі заманғы технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Оол нақты уақытта салық міндеттемелерін орындаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Жеткізушілердің тізбегін бірден бақылауға мүмкіндік береді және бұл алаяқтық схемаларды болдырмауға ықпал ететін болады», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Ол министрліктің жаңа цифрлық технологияларды мейілінше пайдалану мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдайтынын айтты.  
Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда 1 млн 387 мың азаматтың салықтық берешегі барын хабарлаған болатынбыз.
Назерке АБИБУЛЛА

Сізден жаңалық