Қаржы министрі мемлекеттік сектордағы артық шығыстарды атады

18 Ақпан 2020, 12:52
1223
Бөлісу:
Қаржы министрі мемлекеттік сектордағы артық шығыстарды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда шығыстарды оңтайландыру бойынша сомасы 128,6 млрд теңге ұсыныстар берілді. Яғни, бұл сома көлеміндегі шығыстар қысқартылмақ.


Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы приоритетті емес шығыстарды қысқарту бойынша берген тапсырмасын қалай орындап жатқанын баяндады. 

Министр мемлекеттік органдар 23 млрд теңге, өңірлерден 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 млрд теңгенің шығысын оңтайландыру іске асатынын атап өтті.
Президент 24 қаңтарда мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы приоритетті емес шығыстарды қысқарту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Осы тапсырманы орындау үшін шығыстарды талдау бойынша жұмыс жүргізілді және оларды қысқарту бойынша ұсыныстар әзірленді. Осы ұсыныстар 2020 жылдың бюджетін нақтылау және үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын болады. Жалпы алғанда шығыстарды оңтайландыру бойынша сомасы 128,6 млрд теңге ұсыныстар берілді. Оның ішінде, мемлекеттік органдар 23 млрд теңге, өңірлерден 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 млрд теңге. Мемлекеттік бюджет бойынша оңтайландыруға мынадай шығыстар ұсынылды: семинарлар, конференциялар, автокөлік, жиһаз сатып алуға арналған шығыстар, іссапар, өкілдік  шығыстар, талдамалық зерттеулер және өзге де приоритетті емес шығыстар. Өз кезегінде, Қаржы министрлігінің 2018-2019 жылдары бюджетті атқару бюджет заңнамасының жаңа нормалары,  сондай-ақ инвестициялық жобалардың уақтылы игерілуін бағалау негізінде шығыстарды оңтайландыру бойынша қосымша ұсыныстар бар. Осыған сәйкес әкімшілермен бірлесіп, 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде ескеру үшін шығыстарды қосымша оңтайландыру сұрағы пысықталатын болады, - деді Әлихан Смайылов.

Министрдің айтуынша, "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджетке төлем отырған дивиденттерінің көлемін 50 пайызға дейін жеткізу мәселесін пысықтауды жылдамдату керек".
Жоғарыда айтылғандай, өңірлер 26,6 млрд теңге сомасында қаражатты оңтайландыруды ұсынды. Сондай-ақ Қаржы министрлігі 2019 жылғы жергілікті бюджеттердің атқарылу қорытындыларын қарады. Өткен жылы жергілікті бюджеттердің кірістері асыра орындалды. Нәтижесінде бос қалдықтар қалыптасты. Осыған байланысты республикалық бюджеттен нысаналы трансфеттер есебінен іске асырылатын жобалар бойынша өңірлердің қоса қаржыландыру үлесін қосымша 7 пайызға ұлғайту ұсынылады. Бұл республикалық бюджетте 36,9 млрд теңгеге қаражатты босатады. Одан басқа 2020-2022 жылдарға арналған бюджетті Парламентті қорғау аясында Үкіметке дивиденттік саясатты қайта қарау бойынша міндеттеме берілді. Баяндағанды ескере отырып, мемлекеттік органдар мен өңірлер жоғарыда айтылған ұсыныстарды ескере отырып, Қаржы министрлігімен бірге шығыстарды қосымша оңтайландыру бойыншы жұмыс жасау  керек. Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджетке төлем отырған дивиденттерінің көлемін 50 пайызға дейін жеткізу мәселесін пысықтауды жылдамдату керек, - деп түйіндеді министр баяндамасын.

Өзгелердің жаңалығы