Арыстың 55 мыңнан астам тұрғынына 100 мың теңгеден беріледі

10 Шілде 2019, 19:27
1861
Бөлісу:
Арыстың 55 мыңнан астам тұрғынына 100 мың теңгеден беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты ҚР премьер-министрі 2019 жылғы 29 маусымда тапсырмасына  сәйкес бірінші кезекте 55 602 тұрғынға 100 мың теңгеден жалпы 5,6 млрд теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Арыстықтарға өтемақының төленуі – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауында тұрған мәселе.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен 3 млрд теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд теңге және арнайы құрылған «Түркістан» әлеуметтік қорына түскен қаржыдан 1,6 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде. 
 
«Жергілікті тұрғындардан құжаттарды қысқа мерзімде жинауға Арыс қаласындағы 17 секторда бекітілген тиісті мамандар және аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Олар 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап өтемақы алуға өтініштер жинақтауда», - делінген әкімдіктің хабарламасында.  
2019 жылдың 9 шілдесіндегі сағат 17:00-дегі жинақталған ақпарат бойынша 58 207 тұрғыннан құжаттар жинақталып, жалпы тіркелген тұрғынның 104,7%-ын құрады.

Аталған бағытта тиісті жұмыстар жалғасып, бекітілген мамандар келмеген тұрғындар бойынша мекенжайларына барып хабарлауда.

Төтенше жағдайдан зардап шеккен арыстықтарға бағытталған бұл төлемақы екі-үш апта көлемінде төленеді деп жоспарланып отыр.  

Өзгелердің жаңалығы