Бас жаңалықтар
Арыстық оқушылар Ақтөбеге демалуға келді
16 Шілде 2019, 00:18 186

Арыстық оқушылар Ақтөбеге демалуға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ақтөбеліктер теміржол вокзалында Арыс қаласынан келген 79 оқушыны күтіп алды. Бұл туралы aktobenews.kz сайтында хабарланды.

Қазіргі таңда қала сыртындағы «Шұғыла» лагеріне орналастырылып жатырған оқушылар ай бойы тегін демалады. Сауықтыру жұмыстар жүргізіліп, әрқайсымен жеке психологтар жұмыс жасайтын болады. Қаланың көрікті жерлерін аралату да жоспарланған. 

«Бүгін таңертең теміржол вокзалынан жоғары көңіл күймен арыстық оқушыларды қарсы алдық. Бірінші кезеңде негізі жүз баланы тегін демалыс ұйымдастырамыз деп едік. Бірақ, Арыс қаласынан 79 оқушы жіберген. Енді келесі кезекте 121 баланы күтіп алуды жоспарлап отырмыз. Барлығының жол ақылары, тамақтануы мен жатын орыны облыстық бюджеттің тарапынан төленеді. Оқушыларды алып келуге тәжірибелі мамандар барды. Олар жол бойы түрлі конкурстар мен жарыстар ұйымдастырып балалардың көңілін көтеріп келген», - дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық