Арыстық 250 бала жазғы демалысын Төлебиде өткізеді

22 Шілде 2019, 10:51
2988
Бөлісу:
Арыстық 250 бала жазғы демалысын Төлебиде өткізеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Төлеби ауданында мектеп жасындағы арыстық 250 оқушы балаға арналған «ENU Team» атты жазғы демалыс лагері ұйымдастырылды. 


"Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы осы шілде айында Арыстағы жарылыстан зардап шеккен отбасылардың үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескере отырып, мектеп жасындағы арыстық 250 оқушы балаға арналған «ENU Team» атты жазғы демалыс лагерін ұйымдастыруды қолға алды", - делінген жергілікті әкімдіктің хабарламасында.

67314733_2257802624336064_3405306670794932224_n.jpg

67771401_2257803324335994_7741026244291985408_o.jpg

Отыз күннің ішінде мектеп оқушылары жай демалып қана қоймай бос уақытын тиімді пайдаланып, заманауи әдістемелерді қолдана отырып білімін жетілдіреді. Атап айтқанда ағылшын тілі оқыту, робототехника үйрену, спорттық шаралар өткізу, жеке қабілетін дамыту және т.б. ұйымдастырылады.

67404261_2257809231002070_8632753487500804096_o.jpg

Бүгінде Түркістан облысы, Төлеби ауданында орналасқан «Біркөлік шатқалына» арыстық 50 бала келіп  жайғасты. Жалпы əр маусымда балалар онда 10 күннен болады. Ал қалған 200 бала келесі онкүндікте осы лагерь мен Қасқасу елді мекенінде орналасқан «Көк төбе» жазғы лагерінде демалады.   

Өзгелердің жаңалығы