Арыстық 150 оқушы Алматыдаға сауықтыру лагеріне барады

11 Шілде 2019, 21:13
1189
Бөлісу:
Арыстық 150 оқушы Алматыдаға сауықтыру лагеріне барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімдігі Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен балаларға қолдау көрсету мақсатында сауықтыру лагерін ұйымдастыруда.

150 оқушы мен 14 жетекші 12 шілде мен 3 тамыз аралығында Алматы қаласындағы Оқушылар сарайының «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде болады.

Ағымдағы жылғы 12 шілде күні 1 ағын бойынша 75 оқушы сағат 13.05-те Алматы қаласындағы «Вокзал-2» бекетіне келіп түседі. Вокзалда балалардың көңілдерін көтеру үшін естелік сыйлықтар беріліп, әр-түрлі қойылымдармен аниматорлар, цирк әртісі Мұрат Мұтұрғанов отбасымен және колледж студенттері «Арыс, Біз біргеміз!» атты флэш-мобын ұйымдастырып, қарсы алады.

Балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция қызметі тарапынан вокзалдан лагерьге дейін автобустарды жолда сүйемелдеу бойынша ықпал етіледі.  

23 шілде күні 2 ағын бойынша Арыс қаласының тағы 75 оқушысы аталған лагерьге келеді деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы