Бас жаңалықтар
Арыстағы саябақтарда тегін ғаламтор жүйелері орнатылды
26 Қазан 2020, 10:01 118

Арыстағы саябақтарда тегін ғаламтор жүйелері орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Арыс қаласы тұрғындарының енді кез-келген уақытта ғаламторды тегін пайдалануына мүмкіндігі бар. 

Себебі, қаладағы төрт сабақта тегін Wi-Fi желісі орнатылды. Атап айтсанда, желі «Дендросаябақ», «Батырлар аллеясы», «Арбат», «Жастар» саябағында іске қосылған.

Жүйе 20 Мбит/с жылдамдықта жұмыс істейді. Лимитсіз желіні орнату жұмыстарын «Транстелеком» компаниясы жүргізген.

Аталған жоба облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер  басқармасы мен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Саябақтарға серуендеуге барған тұрғындар арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды ұмытпау қажет. Сонымен қатар, тегін Wi-Fi желісін пайдалану кезінде жастардың тәрбиесіне кері әсер ететін сайттарға да кіруіне шектеулер қойылған.


Фото: дереккөз
Загрузка...