Арыста ұялы байланыс проблемасы неден туындағаны белгілі болды

25 Маусым 2019, 11:10
1410
Бөлісу:
Арыста ұялы байланыс проблемасы неден туындағаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Арыс қаласында туындаған ұялы байланыс мәселесіне қатысты Үкімет кулуарында пікір білдірді.

"Арыс қаласында ұялы байланыстың болмауына электр энергия себеп болды. Базалық станциялар электр қуатын беруде жаңылыс болған кезде олар аккумуляторларға ауыстырылды. Алайда олар ұзақ жұмыс істеуге арналмаған. Сол себепті ұялы байланыста кідірістер болды. Қазір байланыс шала-шарпы жұмыс істеп жатыр. Мамандар қалаға кіргеннен кейін байланыс толығымен қалпына келтіріледі", - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы