Арыстағы жарылыстан қанша шығын келгені мәлім болды

2 Шілде 2019, 12:42
1694
Бөлісу:
Арыстағы жарылыстан қанша шығын келгені мәлім болды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Арыстағы төтенше жағдайға қатысты қазіргі кездегі деректер жөнінде айтып берді.

Спикер Арыстағы жарылыстан үйлерге келген шығындарды атады.

«Жарылыстан келген шығынның мөлшері туралы бұрын айтқанмын. Алдын ала мәліметке сәйкес, 7 600 үйге зақым келген. Ал кеше кешкісін шамамен 8 мың үйге жетті. Бұл нақты сан емес», - деді ТЖК басшысы.

Сонымен қатар, Владимир Беккер аталған төтенше жағдай салдарынан келтірілген жалпы шығынды да айтып өтті.

«Кеше біз тиісті органдармен бұл мәселені талқыға салдық. Алдын ала мәліметке сәйкес, жарылыстан келген шығынның мөлшері шамамен 20 миллиард теңге. Бұл қаланы жөндеуге қажет қаражат. Әріптестер, бұл сан өзгеруі мүмкін. Бұл алдын ала мәліметке сәйкес. Менің ойымша, 15 шілде жарылыстан келген шығынның нақты мөлшері белгілі болады», - деп баяндады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ТЖК төрағасы Владимир Беккер қайта оралған тұрғындар жеке мүліктерінің жоғалғаны туралы арыз жазып жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, бір тұрғын келіп, шкафында 1 млн 800 мың теңге жатқанын, ал енді олардың жоғалып кеткенін айтып арызданған.


Өзгелердің жаңалығы