Арыстағы жарылыс. Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды

24 Маусым 2019, 13:06
2060
Бөлісу:
Арыстағы жарылыс. Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыстағы төтенше жағдайға орай Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден астам науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы