Бас жаңалықтар
Арыстағы жарылыс. «Бөген» су қоймасынан келетін қауіп – жалған
24 Маусым 2019, 13:43 4005

Арыстағы жарылыс. «Бөген» су қоймасынан келетін қауіп – жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барған түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар тапсырма берді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды

1.Ақдала бұрылысы

2. 41 разъезд

3. Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады.

Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.

Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.

Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.

«Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан "Бөген" су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз», - деп атап өтілген хабарламада.

Сондай-ақ, Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде.





Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық