Арыстағы жарылғыш заттарды шығару үшін 5 мыңнан аса рейс жасалды

24 Маусым 2020, 13:01
1703
Бөлісу:
Арыстағы жарылғыш заттарды шығару үшін 5 мыңнан аса рейс жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы Асылбек Сатвалдинов онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, бір жыл ішінде Арыстан жарылғыш заттың 380 мың бөлшегі шығарылған. Оның 300 мыңы жарылу қаупі бар заттар. Оны тасу үшін 5 мыңнан астам автокөлік рейсі жасалды және ол әскерилердің сүйемелдеуімен іске асырылды. Жарылғыш заттардың бөлшегін залалсыздандыру жұмыстары Арыстан 50 шақырым жердегі Бастырма полигонында жасалып жатыр. Жарылғыш заттардың ұрлануы мен бейбіт азаматтардың ортасына еніп кетпеуі үшін тексеріс рейдтері тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Жиналған жарылғыш заттарды утилизациядан өткізу орындарында күзет қойылған, - дейді Асылбек Сатвалдинов.

Сондай-ақ, ол әскерилер Арыстағы құрылыс жұмыстарына белсене қатысқанын және коронавирусқа қарсы ауқымды дезинфекция жұмыстарын жүргізгенін айтты. 

Әскери полигон дәрігерлері де халыққа көмек көрсетіп, мыңға жуық адамды қарады. Күніне 1,5 мыңдай әскери жарылғыш затты іздеу мен оны залалсыздандыру жұмыстарына тартылады. Әскери басшылық, оның ішінде офицерлер мен ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері халықпен жұмыс істеп жатыр. Яғни жарылғыш затты тауып алған жағдайда не істеу керектігін түсіндіріп, ақпараттандырады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы