Арыстағы әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары қамауға алынды

24 Тамыз 2019, 00:28
1843
Бөлісу:
Арыстағы әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында болған жарылысқа қатысы бар әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары қамауға алынды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 23 тамызда ІІМ Тергеу департаментінің қылмыстық істер жөніндегі әскери-тергеу басқармасымен Арыс қаласындағы арсеналдың жарылу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары – артиллериялық қару-жарақ сақтау базасының бастығы ұсталды.

"Олар ҚР ҚК 462-бабы 3-бөлігі (жарылғыш заттарды ұстау ережелерін бұзу) және 453-бабы 2-бөлігі (ауыр зардапқа апарып соққан немқұрайлылық) бойынша күдіктелуде. Түркістан облысы Арыс аудандық сотымен аталған адамдарды 2 айға «Қамауға алу» шарасы қабылданды",- делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда сағат 09:20-да өртке қарсы қызметтің пультіне қоймада жарылыс болды деген хабар келіп түсті. Ол Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағындағы өртке ұласқан. 


Өзгелердің жаңалығы