Бас жаңалықтар
Арыстағы әскери бөлімде жарылыс болды
24 Маусым 2019, 11:30 2332

Арыстағы әскери бөлімде жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 09:20 өртке қарсы қызметтің пультіне қоймада жарылыс болды деген хабар келіп түсті. Ол Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағындағы өртке ұласқан. Бұл туралы BNews.kz ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасап хабарлады.

Түркістан облысы ТЖД-ның 30 адам мен 8 дана техникасы жарылыс орнына тартылған.

Бүгінде оқиға куәгерлері видеолар жолдауда. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан видеомен бөлісуде. Youtube-тың Ae bild каналында жарыс кезін түсіріп алған куәгерлердің қысқа ролигі жарияланған.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Дәрмен Ажмұханов оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Бірнеше жарылыс. ТЖ жою бойынша шетел штаб құрылды. Барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Ақпарат анықталуда», - деп атап өтті Ажмұханов.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...