Бас жаңалықтар
Арыстағы мал қорымдарында Сібір жарасына қатысты қауіп жоқ
16 Шілде 2019, 23:18 187

Арыстағы мал қорымдарында Сібір жарасына қатысты қауіп жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Арыс қаласы аймағында орналасқан мал қорымдарында Сібір жарасына қатысты ешбір қауіп анықталмаған. Бұл туралы Арыс қалалық аумақтық инспекция басшысы Өмірқұл Омаров брифингте мәлімдеді.

Арыс қаласында 2 қорым бар. Бірі – Дермене, екіншісі – Қожатоғай ауыл округі аймағында орналасқан. Екеуі де сала мамандарының қатаң бақылауында.

«Қазіргі таңда мал қорымдары зақымданбаған. Барлық талаптарға сай сақтаулы. Олар үнемі ветеринария қызметкерлерінің қадағалауында. Қорымдарға жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Сол аумақтағы топырақтан ұдайы сынақ алынып отырады. Барлық зерттеулердің нәтижесі бойынша ешбір қауіп анықталмаған. Жалпы бүгінге дейін қорымдардан Сібір жарасына қатысты ешқандай мәлімет тіркелмеген», - деді Өмірқұл Омаров.

 


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық