Арыстағы экологиялық қауіпсіздікке кепілдік береміз – министр

28 Маусым 2019, 09:33
2142
Бөлісу:
Арыстағы экологиялық қауіпсіздікке кепілдік береміз – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзагалиев брифингте мәлімдеді.

Ведомство басшысы Арыс қаласында жүргізілген зертханалық зерттеулер, радиациялық фон, ауаның, судың және топырақтың сынамаларының қорытындысымен бөлісті.

8059c04f-3582-40d7-8bbc-666d77103267.jpg

Арыс өзенінің жер үсті суларына бақылау айына бір рет Арыс өзені бойында орналасқан су бекетінде жүргізіледі. Биылғы жылғы 27 маусымда Экология департаментінің мамандары Қазгидромет мамандарымен бірге Арыс өзенінің суы мен топырағынан 100-ден астам сынама алып, радиациялық бақылау жүргізген. Сынақ зертханасы тұрақты түрде ауаға, топыраққа және суға мониторинг жүргізеді.

«Бүгінгі таңда Арыс қаласында радиация жоқ, атмосфералық ауа таза, су және топырақ ластанбаған. Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі Арыс қаласына экологиялық қауіпсіздігіне  кепілдік береді», – деп атап өтті. 

Айта кету керек, Түркістан облысы бойынша экология департаментінің зертханасы толығымен заманауи құрылғылармен жабдықталып  және  осы жылдың көктемінде аккредитациядан өткен.



 

Өзгелердің жаңалығы