Арысқа оралу. Радиация, иіс жоқ

27 Маусым 2019, 18:18
2004
Бөлісу:
Арысқа оралу. Радиация, иіс жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Арыстағы ахуалға арналған тікелей эфирдегі баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Сөз басында Арыс қаласының бүгінгі қалпымен танысып қайтқанын алға тартқан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев алда көп жұмыс тұрғанын айтты.

«Халықпен кездескенімізде Арыста радиация, иіс бар деп жатыр. Ешқандай радиация, иіс жоқ. Қала электр жарығымен, ауыз сумен қамтамасыз етілген. Кейбір олқылықтар бар, оларды таңертеңге дейін жөндеп, реттеп қоямыз, халықты қабылдауға дайын болады. Арысты аралап көрдік. Рас, жұмыс көп. Болашақта құрылысқа жергілікті халықты тартатын боламыз. Сіздерге жұмыс ұсынылса келіп жұмыс істеңіздер. Барлық төлемдер уақытылы жүргізіледі. Ешқандай кедергі болмайды», - деп сендірді Бердібек Сапарбаев.

Өзгелердің жаңалығы