Бас жаңалықтар
Арыста қаза болған әскери қызметшілер мемлекеттік наградамен марапатталды
15 Қыркүйек 2019, 11:08 368

Арыста қаза болған әскери қызметшілер мемлекеттік наградамен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы апталық іс-сапары барысында 24 маусым 2019 жылы Арыс қаласында әскери борышын өтеуде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік наградалар табыстады.

IMG-20190914-WA0008.jpg

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ҚР президенті – ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының 2019 жылғы 7 тамыздағы «Мемлекеттік наградалармен марапаттау» туралы Жарлығы бойынша әскери борышын өтеу барысында көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін аға сержант Бауыржан Әлімбеков пен сержант Әбдіқұл Ахметов II дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталды.

«Әскери қызметшілер оқ-дәрі қоймасында өртті сөндіруге қатысып, әскери борыштарын адал атқарды. Әбдіқұл мен Бауыржан бір әскери бөлімде қызмет етті, жауапкершіліктері мол әрі ынталы болды, талап етілген жұмысты орындауға әрдайым аса жауапкершілікпен қарады», - делінген хабарламада.

IMG-20190914-WA0009.jpg

Қызметтестері олардың әрқайсысы өзінің қызметтік міндеттеріне сай келетін кәсіпқойлығын, сондай-ақ ұжыммен қарым-қатынас орнатудағы ашықтығын және қарапайымдылығын естеріне алды.

Қаза болған әскери қызметшілерге бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті. Арыс әскери бөлімінің жеке құрамы әскери жолдастарын еске алу үшін салтанатты марш жүріп өтті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...