Арыста қойма өртенді

11 Шілде 2019, 18:10
1436
Бөлісу:
Арыста қойма өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында темір жол депосы қоймасынан өрт шықты, деп жазды Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Арыс қаласындағы темір жол депосының ТЧЭ 32 цехында өрт шықты. Барлық өрт сөндіру қызметі жалынды ауыздықтауға жұмылдырылды. Өртті сөндіруге ТЖҚ жеке құрамынан 55 адам мен 8 техника тартылған. Алдын ала болжамдар бойынша, өрттің шығуына вагондарды жөндеу кезінде дәнекерлеу құралын дұрыс пайдаланбау себеп болған. Өрттен қала тұрғындарының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Төтенше жағдайды мамандар бақылауына алған»,- деді Сәкен Қалқаманов.

Өзгелердің жаңалығы