Арыста дизенфекция мамандары жұмысты бастап кетті

27 Маусым 2019, 11:24
1532
Бөлісу:
Арыста дизенфекция мамандары жұмысты бастап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қала аумағында дезинфекция жұмыстарын жүргізу мақсатында Жамбыл және Қызылорда облыстарынан арнайы мамандар тобы келді. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Арыста дизенфекция мамандары жұмысты бастап кетті

Бұл топтар өздеріне бөлінген аумақтарды тазартқанша бірнеше күн жұмыс істейді.

Жамбыл облысынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінен және өзге де залалсыздандыру орталықтарынан жалпы саны 30-ға жуық маман келді. Ал Қызылорда облысынан ұлттық сараптама орталығының осы өңірдегі филиалынан 17 маман келсе, өзге де осы салаға жауапты мамандар залалсыздандыру жұмыстарын бастап кетті. Бұл бригадалардың бәрі техникамен, қажетті құрал-жабдықпен, қамтылған.

Өзгелердің жаңалығы