Карантин: Арыста 150 адамдық той тоқтатылды

5 Тамыз 2021, 14:10
3028
Бөлісу:
Карантин: Арыста 150 адамдық той тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында 150 адам жиналған той анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі уақытта құрамында полиция қызметкерлері бар мобильдік топ орталықтағы тойханалардың бірінде 150 адамға дастархан жайылып, енді басталып жатқан тойды тоқтатты.

Ұйымдастырылған үйлену тойының иесіне айтып, басқа да қонақтардың тойханаға келмеуі хабарланды. Сонымен қатар заң талаптары бойынша тойхана иесі мен тойхана әкімшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталды. Яғни заңды шара көрілу үшін құжаттар тиісті басқармаға ұсынылды,- делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы