Арыстың бес секторында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

20 Тамыз 2019, 16:26
1484
Бөлісу:
Арыстың бес секторында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында 7056 жеке және көп пәтерлі үйлер қалпына келтірілді, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары мен СҚО секторларында құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе және Ақмола облыстарының секторлары 99%-ға қалпына келтірілді. Арыстың тұрғын үй қорында 5 мыңнан астам жұмысшы жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі күні 698 тұрғын үйде әрлеу жұмыстары жүргізілуде, тағы 41 үйді құрылысшылар нөлден бастап тұрғызды. Меншік иелерінің келіспеуіне байланысты 34 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілмей тұр", - делінген таратылған ақпаратта.

2 мыңға жуық құрылысшы әлеуметтік нысандарда жұмыс істейді, олар білім беру мекемелерінің 50 ғимаратын, 4 денсаулық сақтау нысанын және екі спорт мектебін пайдалануға тапсырды. Сондай-ақ, қалада 316 жөнделген коммерциялық нысан жұмыс істеуде.

Өзгелердің жаңалығы