#АрысБізБіргеміз. ІІМ екі адамның қалай қаза тапқанын айтты

25 Маусым 2019, 10:41
2103
Бөлісу:
#АрысБізБіргеміз. ІІМ екі адамның қалай қаза тапқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Арыстағы төтенше жағдайдан екі адамның қаза тапқанын ресми түрде растады. 

"Екі адамның қаза болғанын растаймыз. Бірі - Арыс қаласының тұрғыны. Автомобильге түскен снарядтан сол жерде жүрген адам көз жұмды. Екінші қаза тапқан адам – ҚР Қорғаныс министрлігін келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі. Оның денесі іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында әскери бөлімге жақын жерден табылды", - деді ІІМ орынбасары.

Илиннің сөзінше, әскери бөлім тұрақты орналасу жерінде орналасқан. Алғашқы жарылыс кезінде жеке құрамды жасыру,  кейіннен әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін эвакуациялау жүргізілді.

"Жеке құрам орнында болды. Екі адамның қаза тапқаны туралы факт расталған",- деді ол. 

Министрдің орынбары алдағы минасыздандыру кезінде ақпарат, жағдай өзгеруі мүмкін екенін, бұл туралы қосымша хабарланатынын айтты.
Өзгелердің жаңалығы