Бас жаңалықтар
#АрысБізБіргеміз. Алматыда гуманитарлық көмек орындары ашылды
25 Маусым 2019, 17:27 291

#АрысБізБіргеміз. Алматыда гуманитарлық көмек орындары ашылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы халқы Арыс жұртшылығына гуманитарлық көмек жианап жатыр. 

Алматыда бірнеше гуманитарлық көмек жинау орындары ашылған. Соның бірі Жандосов көшесіндегі “Алтын арыстан” жекпе-жек клубында орналасқан. Мұндағы көмек жинау жұмыстарын “Мен алматылықпын” қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұйымдастыруда. 

Клубтың басшысы Андрей Василюхиннің айтуынша, қазірге дейін халықтан көп көмек жиналған.


“Қазірге дейін Арыстағы жағдайға немқұрайлы қармайтын алматылықтардан көп зат жиналды. Қазір 5 тонналық көлікке сол заттарды тиеп жатырмыз. Халықтан көмек жинау жұмыстарын кеше бастаған болатынбыз. Заттар тиелген көліктің жолға қашан шығатыны белгісіз, оны әлі талқылайтын боламыз. Қалада тағы үш жерде осындай көмек жинау орындары ашылды, сондықтан бұл жерде қай уақытқа дейін жұмыс істейтінімізді білмейміз”, -дейді А. Василюхин. 

Көмек жинау орнында еріктілер мен қатар қоғам белсенділері де  көмек көрсетіп жатыр.


“Мұндай орынның ашылғанын әлеуметтік желі арқылы естіп, бүгін әпкеміз екеуіміз гуманитарлық көмек жинау орнына волонтер ретінде көмекке келдік. Мұнда заттарды тасу бойынша ер адамның күші  өте қажет. Алматы тұрғындары қажетті заттарды балаларымен келіп тапсыруда. Бұл өте қуанталық жайт. Азық-түліктен бастап тұрмыстық заттардың бәрін әкелуде. Қазір күн ыстық, сондықтан тұрғындар жолға шыдайтын азық әкелсе деген өтінішім бар, әйтпесе көбі бұзылып кетеді”, -дейді қоғам белсендісі Думан Қапасов. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда ақшалай көмек жиналмайды, тек  заттарды ғана қабылдайды.


Фото: автордан

Сізден жаңалық