Арыс тұрғындары үйіне оралып жатыр

28 Маусым 2019, 08:40
3206
Бөлісу:
Арыс тұрғындары үйіне оралып жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Түркістан облысы, BAQ.KZтілшісі. Бүгін таңғы сағат 8 бастап і Арыс қаласының тұрғындары шаңырақтарына оралды.  Бұл туралы  облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кеше штабта өткен брифингте мәлімдеген болатын. 

Осынау сәтте ақпараттық және азаматтық қолдау көрсету мақсатында БАҚ өкілдері лек легімен шыққан автобустармен бірге Арысқа келді. Ең алдымен келген арыстықтарды аудан-ауданға бөліп, автоустарға қайтадан орналастырып, тұрғындарды үйлеріне жеткізіп жатты. 

72f54cb5-dd6f-43cc-8262-1eb0542de89e.jpg

Стадион ауданы жақта тұратын Күлпән Әмешова туған үйіне оралғанымен, бойында қорқыныш барын айтты. 

e609d2a0-dce7-47e4-ab64-a0f4f08a1964.jpg

«Бізді денсаулығымыз қалай болады деген сұрақ алаңдатып тұр. Әлі үйімізді көргеміз жоқпыз. Немерелерім ауырып, көздері қызарып кетті. Олар Шымкентте қалды. Су ішпеңдер деп жатыр, немен қоректенеміз? Бұл жердің су уланған, ішпеңіздер деп бауырларым да айтып жатыр. Жарылыс күні қаншама жарылғыш заттар үстімізге атылды, өзім тіземнен жарақаттандым. Мектепте жұмыс істеймін, шыны керек үйге баруға қорқып тұрмын. Денсаулығым жоқ, қан қысымым бар», - деді Арыс қаласының тұрғыны К.Әмешова.

43418972-891e-43ce-9455-b1641f19a538.jpg

Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманның Фейсбуктегі парақшасында автобусқа отырған жолаушылардың пікірімен бөлісті.

«Мен Арыс станциясында теміржолшы болып жұмыс істеймін. Ар жағындағы Сарыағаштан келдім кеше. Жұмысқа асығып бара жатырмын. Басшылар жұмысқа келіңіз дегеннен кейін. Арыс қаласы, Абай ауданы, Кеңес жақтағы әкімдікке – барлығына рақмет. Алланың нұры жаусын. Бала-шағалар аман болсын, деніміз сау болсын деп тілейміз», - деді теміржолшы Гүлдархан Қадырова.

Кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтқандай, Арыс тұрғындары Шымкент қаласы мен облыстағы 56 пунктен жолға шықты.


Өзгелердің жаңалығы