Арыс станциясындағы темір жолдарда қозғалыс қалпына келтірілді

27 Маусым 2019, 17:58
1618
Бөлісу:
Арыс станциясындағы темір жолдарда қозғалыс қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 26 маусымында теміржолдар оқ-дәріден тазартылып, жөнделіп, байланыс желісіне кернеу берілген соң мына учаскелерде: Арыс-Талдықұдық – жұп жол бойынша, Шағыр-Талдықұдық – тақ жол бойынша, Қалаш-Арыс-2 – жұп және тақ жол бойынша, Ақдала-Арыс-2 – жұп жол бойынша қозғалыс ашылды», - дейді мамандар.

Хабарланғандай, алғашқы №369 «Новосибирск-Ташкент» жолаушылар пойызы 26 маусымда Шымкент станциясынан 22 сағат 30 минутта жөнелтілді.

Арыс станциясы тек басты жолдармен жүру үшін ашық. Сұрыптау және қабылдап-жөнелту жолдары қозғалыс үшін әлі жабық.

Ағымдағы жылдың 26 маусымынан 27 маусымға қараған түні Арыс станциясы бойынша 23 пойыз өткізілді, оның ішінде 7 жолаушы, 8 контейнерлік, 8 жүк пойызы.

«Бүгінде кестеге пойыздарды енгізу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы