Арыс: қарағандылықтардың секторында құрылыс қарқынды

5 Шілде 2019, 08:57
1919
Бөлісу:
Арыс: қарағандылықтардың секторында құрылыс қарқынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Арыс қаласына барып, құрылыс барысын тексерді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өзі басқаратын өңірге тапсырылған аумақтағы құрылыс барысымен танысуға арнайы келген ол Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге тұрғындармен кездесті.

Жалпы Қарағанды облысына №5 сектордағы 11 көпқабатты үй (519 пәтер) мен 72 жеке үйдің жөндеу жұмыстары тапсырылған. Дәлірек айтсақ, шатырлары мен терезелері ауыстырылып, өзге де жұмыстар атқарылады.

Қарағандылық кәсіпкер әрі меценат Александр Бойко жергілікті тұрғындарға сыйлық ретінде спорт алаңшасын сыйға тартады.

Көпқабатты үйлердің тұрғындары құрылысты жедел жүргізіп жатқан қарағандылық ағайынға ризашылықтарын білдірді.

Бұл сектордағы ең көп зардап шеккен нысанның бірі – С.Қожанов атындағы 1200 орындық мектеп. Бұл білім ұясында жұмыстар талапқа сай атқарылып жатыр. Мектепке барып, ұстаздар қауымымен кездескен Ерлан Қошанов жұмысты уақтылы аяқтайтынын айтты. Мектеп ұжымына спорттық құрылғыларды сыйға тартты.

Өзгелердің жаңалығы