#АрысБізБіргеміз. 15 адам жан сақтау бөлімінде, оның екеуі – бала

25 Маусым 2019, 09:33
1765
Бөлісу:
#АрысБізБіргеміз. 15 адам жан сақтау бөлімінде, оның екеуі – бала

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында Арыстағы төтенше жағдайға байланысты көрсетілген медициналық қызметтер мен зардап шеккен адамдар туралы айтты.  

Оның айтуынша 165 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 76 адамға амбулаториялық көмек көрсетіліп, 89 пациент станционарлық емге жатқызылған. Жан сақтау бөлімдерінде 15 науқас политравма диагноздарымен ем қабылдап жатыр. 

Министр пациенттердің қандай ауруханаларда жатқызылғанын айтып өтті.

«Пациенттердің негізгі бөлігі Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық, облыстық балалар және қалалық клиникалық ауруханаларда, кейбір пациенттер Түркістан облысының аудандық орталықтарында емделулде. Медициналық көмек көрсету үшін жалпы 22 медициналық бригада жұмылдырылған. Олардыың арасында 4 бригада Жамбыл облысынан жіберілген. Қазір қосымша 12 бригада мен санитарлық 2 тікұшақ дайын болып отыр. Алматы қаласынан көмек көрсету үшін екі мультидисциплинарлық команда жіберілді. Олардың арасында реаниматолог, травматолог, балалар нейрохурургы секілді мамандар бар. Олар көмек көрсетіп, операция жасады. Жан сақтау бөлімінде екі бала бар, оларға қажетті көмек көрсетілген», - деді ведомтво басшысы.

Біртанов барлық науқас денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында екенін, қажетті медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілгенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы