Арыс қаласындағы ахуалға байланысты Шымкент қаласы ТЖД мәлімдемесі

24 Маусым 2019, 11:37
2832
Бөлісу:
Арыс қаласындағы ахуалға байланысты Шымкент қаласы ТЖД мәлімдемесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы ТЖД Арыс қаласындағы ахуалға байланысты мәлімдеме жариялады. 
 

Тыңдаңыздар! Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайды. Тәулік бойы 8(7252)44-94-72 телефон нөмірі бойынша сіз қажетті ақпаратты ала аласыздар.

Бүгін сағат 09:20-да өртке қарсы қызмет пультіне қоймалық орындағы жарылыс туралы хабарлама келіп түсті. Жарылыс отқа орасып Түркістан облысындағы Арыс әскери бөлімінің аймағы бойынша жайылды. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамның 30 құтқарушысы және 8 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы