Арыс қаласында «Қалтадағы ХҚО» акциясы өтті

17 Қыркүйек 2019, 16:47
1940
Бөлісу:
Арыс қаласында «Қалтадағы ХҚО» акциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азамматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының Арыс қалалық бөлім  қызметкерлері «Қалтадағы ХҚО» атты акциясын өткізді.

Облыс орталығынан бастау алған бұл Акция барысында корпорация қызметкерлері келушілерге электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен мемлекеттік қызметтерге «Азамматтарға арналған үкімет» бөлімдеріне бармастан  онлайн тапсырыстар беруді, сондай-ақ Телеграмм жүйесінде EgovKzBot, Mgov бағыты бойынша қызметтер алу жолдарын үйретіп, ақпараттық брошюралар таратты.

Акцияға қызыға қатысушылар саны 150-200ге жуықтады. Сонымен қатар  онлайн-қызметтер алудың жолдарын үйрене отырып, өздеріне қажетті анықтамаларын, электронды үкімет порталы туралы көптеген сұрақтарына ұтымды жауаптар алды.

«Қалтаңыздағы смартфон халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді жылдам алуға көмектеседі. Көрсетілетін электрондық қызметтер санының артуына байланысты мемлекеттік корпорация халық арасында қызметтерді онлайн алуды үйрететін шаралар өткізіп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда. Бұл қосымшаларды пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті. Оны ХҚО қызметкерлері жүзеге асырады. Тәртіп бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефоны байланыстырылып, базаға енгізілуі тиіс. Алдағы уақытта бұл іс-шара облысымыздың басқа да аудандарын қамту жоспарлануда»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы бойынша филиалының Арыс қалалық бөлім басшысы Айдар Скаков.

Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша 1 200 000-ге жуық түркістандық электронды қызметтер алған. 
Өзгелердің жаңалығы