Қарымта кездесуге жауапкершілікпен дайындалуымыз қажет – Роман Григорчук

9 Тамыз 2019, 12:48
1347
Бөлісу:
Қарымта кездесуге жауапкершілікпен дайындалуымыз қажет – Роман Григорчук

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.УЕФА Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Мальтаның «Валлета» клубымен кездескен «Астана» өз алаңында 5:1 есебімен жеңіске жетті. Матчтан кейін «Астана» командасының бас бапкері Роман Григорчук тілшілердің сауалына жауап берді.

- Бүгін жігіттер жеңіске деген жігер танытып, қарсыласқа жоғары деңгейде қысым көрсетті. Жылдамдық өзіміз қалаған дәрежеде болды. Әрі шабуылды лайықты қорытындылай білді. Менің ойымша, біз бүгін өте жақсы ойын үлгісін көрсеттік. 

- Ойын алдындағы баспасөз мәжілісінде ротация жайлы айтқан едіңіз. Екінші таймда команда көшбасшыларын неліктен ауыстырып, оларға демалыс бермедіңіз?

- Шынымды айтсам, ондай ойым да болған жоқ. Себебі, команда осы құрамда өте жақсы ойын үлгісін көрсетіп жатты. Мен дәл сіз айтқандай қадамға бару қажеттігін түсіндім. Өздеріңіз көргендей, Иван Маевскийді алмастырып, оның тынығып алуына мүмкіндік бердім. Ал Фирмин Мубеле алаңда 90 минут өткізуге әлі де толықтай дайын емес. 

- Бірнеше күннен кейін команда «Ақтөбемен» кездесу өткізеді. Бұл ойында құрамға өзгеріс жасайсыз ба?

- Бізде ойыншылар саны көп емес. Оған қоса команда құрамында алаңға шығуға толықтай дайын емес ойыншылар бар. Сондықтан, кейбір футболышларға тынығып алуға мүмкіндік береміз. Бірақ қай футболшылардың нақты алаңға шығатынын мен сізге айта алмаймын. 

- Бүгін сізді алаңдатқан жәйттар орын алды ма? 

- Жоқ. Алайда, біз бүгінгідей жақсы ойын көрсетпеген жағдайда, барлығы басқаша болуы да мүмкін еді. Сондықтан да біз қарымта кездесуге үлкен жауапкершілікпен дайындалуымыз қажет. 

- БАТЭ ма, әлде «Сараево» ма? 

- Дәл қазіргі сәтте бұл сұраққа дұрыс жауап таба алмасымыз анық. Бастысы екі қарсыластың да ойынын қарап, талдауымыз қажет. Екі команда да өз елдерінің чемпиондары, ойындары қойылған ұжымдар. 

- Мұжықов өткен маусымда команда көшбасшыларының бірі болған еді. Ал осы жылы еурокубоктерде алаңға шығып жүрген жоқ. Бұл немен байланысты?
- Біз ойыншыларды мүлде бөліп қарамаймыз. Команда құрамындағы барлық футболшыларды тең көреміз. Әрқайсысы алаңға шығып, командаға көмектесуге дайын. Қазіргі уақытта бізде алаңға шыға алатын 18 футболшы бар. Қақпашыны есепке алмайтын болсақ, оның 10-ы негізгі құрамда шығады. Ал үшеуін алмастыруға мүмкіндік бар.
Өзгелердің жаңалығы