Президент Аружан Саинді жаңа қызметке тағайындады

18 Шілде 2019, 19:04
1696
Бөлісу:
Президент Аружан Саинді жаңа қызметке тағайындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аружан Саин ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының Өкімімен Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды.

Өзгелердің жаңалығы