Бас жаңалықтар
Аружан Саин: Вакцинация мәселесіне ең алдымен, азаматтардың сенімі керек
28 Мамыр 2020, 19:20 155

Аружан Саин: Вакцинация мәселесіне ең алдымен, азаматтардың сенімі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында вакцина сапасы мен қауіпсіздігіне арналған онлайн конференция кезінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин айтты.

Біз қоғамдық ұйым ретінде, ата-ана ретінде балалар инвалидизациясы көрсеткішін төмендетуге қатысты шаралармен көптен бері айналысып келеміз. Дәл осы бағытта біздің қорға медициналық реабилитацияны қажет ететін қаншама бала хабарласатындықтан, бұл мәселені 2010-2011 жылдардан бері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алдында көтеріп жүрміз. Аталмыш тақырыпты зерттей келе, елімізде өкінішке қарай балалар мүгедектігі жыл санап артып келе жатқанын байқадық. Сол себепті, мен сонау 2010 жылдан бастап, «бұл көрсеткіштің неге артып жатқанын, оған не себеп болғанын» айтып, Денсаулық сақтау министрлігіне сұрау салып келемін. Өкінішке қарай, ол жылдары тиісті органдардан нақты жауап ала алмадық. Сондықтан, жағдайды саралау мәселесін өз қолымызға алуға тура келді. Біздің қорға хабарласқан, қордан көмек алатын балалардың құжаттары (1000-нан аса құжат) негізінде балалардың мүгедектігіне алып келетін бірнеше себепті анықтадық. Олардың қатарында дер кезінде қолға алынбаған емханалық қызметтер, жаңа туған нәрестелердің сары ауруы, босану кезінде болатын түрлі қиындықтар және балаларды вакцинациялаудан кейін туындайтын қиындықтар да бар, - деді ол.

Аружан Саин вакцинациялау бағытында тиісті зерттеу жүргізілгенін мәлімдеді.
Біз өзіміздің болжамымыз бен ата-аналар қаққан дабылдың қаншалықты нақты екенін анықтау мақсатында денсаулық сақтау жүйесі аясында зерттеу жүргізуді ұсындық. Бұл жұмыстар бізді меценаттар қолдай бастаған кезде ғана жүзеге асты. Зерттеуде балалар мүгедектігі көрсеткішін төмендету мәселесі назарға алынды. Вакцинация тақырыбы осы мәселелердің біртұтас бөлігі іспеттес, - деді ол.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл  Мәжілісте екпе салдыру мәселесі талқыға салынып жатқан кезде өз тарапынан да ұсыныс айтқанын жеткізді.
Мәжілісте екпе салдыру мәселесі талқыланып жатқан кезде, оның бірнеше пунктіне қатысты мен өз пікірімді білдірдім. Онда ата-аналардың екпе салдыруда таңдауы болуы керегін, бірақ, екпе салдырудан бас тартқан ата-ана ешқандай жауапқа тартылмауы керек екенін алға тарттым. Екпеден бас тарту мен екпе алуына болмайтын балалардың медициналық бөліну (медотводы) көрсеткіші 3%-дан аспайды. Бұл көрсеткіш көлемі артпас үшін, жалпы жүйе, вакцинация дұрыс жұмыс істеуі үшін азаматтардың бұл жүйеге деген сенімі керек. Бұл орайда дәрігерлер халыққа екпе салдырмаудың салдары туралы толыққанды ақпарат беруі керек, - деді ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...